15
январь
2025
«Мектепке барар қауіпсіз жол!» тақырыбында мектепішілік сурет байқауы өткізілді.
Мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқыс оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған "Абайлаңыз, балалар!" республикалық акциясы аясында онкүндік іс-шараларының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 15 қаңтар күні бастауыш сынып оқушылары арасында «Мектепке барар қауіпсіз жол!» тақырыбында мектепішілік сурет байқауы өткізілді. Байқауға бастауыш сыныптарынан 18 оқушы қатысып, өздерінің жұмыстарын ұсынды. Үздік жұмыстардың авторлары мақтау қағаздарымен марапатталып, аталып өтілді. Байқауды «Бояулар сыры» үйірмесінің жетекшісі С.Мақтабаева ұйымдастырып, өткізді.
