08
февраль
2024
"Балалар соғысқа қарсы" тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай өткізілетін іс-шараларының жоспарына сәйкес 2024 жылы 8-9 ақпан аралығында "Балалар соғысқа қарсы" тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар өздерінің салған суреттерінде тіршілік атаулылардың адамзатқа керегі жойқын соғыс емес, ашық аспан астындағы бейбітшілік, мейірімділік қажет екенін көрсетуге тырысып баққан. Үздік жұмыстардың авторлары мақтау қағаздарымен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастырып өткізген "Бояулар сыры" үйірмесінің жетекшісі Мақтабаева С.Ә.
