11
декабрь
2024
"Менің елім Қазақстан" тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың желтоқсан айының 11-і күні "Менің елім Қазақстан" тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында Отанға деген патриоттық сезімдерін дамыту, тарихқа құрметпен қарар, тағзым етуге тәрбиелеу. Байқауға 18 оқушы қатысып, өздерінің жұмыстарын ұсынды. Салынған суреттерге талдау жасалып, үздік жұмыстардың авторлары мадақтама қағазымен марапатталды. Сурет байқауын ұйымдастырып, өткізген «Бояулар сыры» үйірмесінің жетекшісі С.Мақтабаева.
#Біртұтас_тәрбие#Жамбылоблысы#Меркіауданы
