19
апрель
2024
"Мен нашақорлыққа қарсымын!" тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Мектеп оқушыларының психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу көктемгі айлығының іс-шаралары жоспарына сәйкес Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 жалпы орта білім беретін мектебінде 18-19 сәуір күндері "Мен нашақорлыққа қарсымын!" тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Оқушылар өздерінің жұмыстарында есірткінің адамзат үшін орны толмас қасірет алып келетіндігін және соған қарсы тұру қажеттігін салған суреттері арқылы жеткізуге тырысып баққан. Осы байқауда өте белсенділік танытып, үздік сурет салған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқауды "Бояулар сыры" үйірмесінің жетекшісі С.Мақтабаева ұйымдастырып, өткізді.
