05
январь
2025
"Қыстың сыйы" атты сурет байқауы өткізілді.
Қысқы каникул кезінде ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің білімалушыларының арасында "Қыстың сыйы" атты сурет байқауы өткізілді. Байқауға 21 оқушы қатысып, өздерінің жұмыстарын ұсынды. Ұсынылған жұмыстарда балалар қыс мезгілінің әдемі табиғаты мен қысқы каникул кезіндегі қызықты сәттерін бейнелеп көрсеткен. Байқауға ұсынылған үздік суреттердің авторлары мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқауды ұйымдастырған "Бояулар сыры" үйірмесінің жетекшісі С.Ә. Мақтабаева.


















