14
май
2024
"Буллинг және кибербуллингтің, бопсалау, әлімжеттіктің алдын алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың жолын кесу мақсатында.Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні мектеп директоры С.Қ.Сеитова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Ш.Исмаилов және мектеп психологы А.Бектурганованың ұйымдастыруымен білім ошағының 8-11 сыныптарының ұл балалары арасында «Құқық бұзушылық, қысым көрсетудің алдын алу. "Буллинг және кибербуллингтің, бопсалау, әлімжеттіктің алдын алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы жиі орын алатын құқық бұзушылықтарға жататын қысым көрсету, бопсалау, әлімжеттік туралы сөз қозғалып, бұл қазіргі уақытта аса өткір мәселе екендігі айтылды. Дөңгелек үстел мектептің ұл балалары мен мектеп әкімшілігі арасында өткізілген ашық пікір алмасу форматында жүрді. Мектеп психологы А.Бектурганова буллинг, кибербуллинг және одан құтылу жолдары бойынша ақпарат-кеңестерін берді.




