20
февраль
2024
"Құқықтық тәрбие беру - құқық бұзушылықтың алдын алу" атты айлығының іс-шаралары жоспары
Сыпатай Әлібекұлы атында ғы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқықтық тәрбие беру - құқық бұзушылықтың алдын алу" атты айлығының іс-шаралары жоспарына сәйкес ағымдағы 2024 жылдың 20 ақпан күні білім алушылар арасында "Кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтық білімдерін дамыту, оқушылардың бойына заңға құрметпен қарау түсініктерін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында тақырып бойынша кеңінен ақпараттар беріліп, қатысушылар тарапынан көңілге қонымды пікірлер айтылды. Дөңгелек үстелді мектеп психологы А.Бектурганова ұйымдастырды.




