16
февраль
2024
"Құқықтық тәрбие беру - құқық бұзушылықтың алдын алу" атты айлығы
"Құқықтық тәрбие беру - құқық бұзушылықтың алдын алу" атты айлығының іс-шаралары жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айының 16-сы күні мектебіміздің білім алушылары арасында "Мен және менің виртуалды достарым" тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан білім алушылар жұмыстарын саралай келіп, ең үздік жазылған эссе жұмыстарының авторлары мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқауды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Нұрбаева ұйымдастырып, өткізді.
