"Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын алу" айлығының іс-шаралары. "Құқықтық сауаттылық - заман талабы"
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын алу" айлығының іс-шаралары тізбегін ағымдағы жылдың ақпан айының 21-і күні мектептің педагогикалық ұжымымен "Құқықтық сауаттылық - заман талабы" тақырыбында өткізілген коучинг жалғастырды. Іс-шараны мектеп директоры С.К.Сеитова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Ш.Исмаилов ұйымдастырды. Мақсаты: жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық пен қылмыс белгілері мен түрлеріне сипаттама беру, білім алушылардың құқық бұзушылықтық әрекеттерінің алдын алу жұмыстарының үйлестіру жолдарын талдау.