07
февраль
2024
"Құқықтық сауаттылық - уақыт талабы" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атында ғы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқықтық тәрбие беру - құқық бұзушылықтың алдын алу" атты айлығының іс-шаралары жоспарына сәйкес ағымдағы 2024 жылдың 7 ақпан күні "Құқықтық сауаттылық - уақыт талабы" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтық білімдерін дамыту, оқушылардың бойына заңға құрметпен қарау түсініктерін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында тақырып бойынша кеңінен ақпараттар беріліп, қатысушылар тарапынан көңілге қонымды пікірлер айтылды. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны ежелден түсінген адамдар қоғамда тәртіп орнатудың амалдарын қарастырған. Дегенмен қоғамда керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім адамдар кездеседі. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын алады. Заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізуде мектепішілік "Қырағылық" полицияның жас көмекшілері тобы белсенділік көрсетті.




