29
май
2023
"Білімді, еңбекқор, елін-жерін сүйген патриот жастар-ұлт болашағы "
2023 жылдың 25 мамырында аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ауданымыздың 32 мектебінің 9-11сынып оқушылары мен 2 колледж студенттерімен "Білімді, еңбекқор, елін-жерін сүйген патриот жастар-ұлт болашағы " тақырыбындағы кездесу қорытынды іс-шарасы өтті. Қаңтар-мамыр аралығында ардагер ақсақалдармен кездесу нәтижесінде Сыпатай Әлібекұлы атындағы/19 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сеитова Сандуғаш Қапсаланқызы 1 орын иеленіп, мектеп ұжымына Меркі ауданы "Алкопищепром" зауыты серіктестігінің директоры Шокенов Рысбек Қуанышбекұлының демеушілігімен 100.000 теңге сертификаты, кубогы табысталды. Сонымен қатар "Сыпатай батыр" ЖШС директоры Қазақстан Республикасының "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" Шайхиев Қанат Кеналыұлы "Жомарт түлек" жобасы аясында өзі оқыған мектебіне 1миллион теңге қаржылай демеушілік жасады. Мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз!!!














