Денсаулық сақтау күні » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Денсаулық сақтау күні
07
апрель
2022

Денсаулық сақтау күні

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы N982 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылдың 7 сәуір күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19жалпы орта білім беретін мектебінде "Салауатты әлем құрайық" ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы негізінде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтілді. Мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулық - адамның өмірлік қажеттілігі мен жан-жақты құндылығы екенін насихаттау. Денсаулық күнінің іс-шаралары мектеп директоры С.К.Сеитованың жас ұрпаққа әрбір адам үшін денсаулықтың маңыздылығы жайында сөз қозғап, спортпен шұғылдануға шақыруымен басталды.  Сонымен қатар мектеп басшысы  еліміздің кемел болашағы дені сау,  салауатты өмір салтын өмірлік серік еткен білімді, өз елін сүйетін патриот ұрпағының қолында екенін айтты. Іс-шара білім алушылардың бірлесе жаппай жасаған дене жаттығуларынан кейін спорт алаңында ұйымдастырылған спорттық жарыстарға ұласты. Кросқа жүгіру, 100 м-ге жүгіру, эстафеталық жарыс, кермеде тартылу, гир тасын көтеру, ұлттық асық ату, тоғызқұмалақ, волейбол және футболдан жарыстар өткізілді. Барлық жеңімпаздар мен жеңімпаз командалар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив