
2023 жылдың 21ші ақпан айында Сыпатай Әлібекұлы атындағы № 19 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Кітап оқу сән» атты әдеби кеш 4-8 сынып аралығында өткізілді. Іс-шара барысы өте тартымды және қызықты болып өтті. Жасырынған жұмбақ, сұрақ-жауаптарды табу арқылы өз білімдерімен бөлісті. Сонымен қатар 9 сынып оқушылары Жәки Аружан З.Шүкіровтың "Қасиетті сезім" ,Солтанай Ұ. Толымбек Абдраймовтың"Дала әуені" шығармаларын айтып өтті. 2-3 сынып оқушылары "Қаршақыз","Аяз","Қобыланды батыр", "Әжемнің ертегілері", және тағы басқа оқыған ертегілерінің мазмұнымен таныстырды.
Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға қызықтыру арқылы білімдерін арттыру; ой-сананы дамыту арқылы, тәрбиеге баулу; саналы ұрпақ қалыптастыру.