26
октябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы


26.10.2022ж "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, өткізіліп отыратын "Оқу сағаты" жобасы 20 минут кітап оқу аптаның әр сейсенбі күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 ЖОББМ кітапханасында мектеп директоры Сандуғаш Қапсаланқызының қатысуымен жүргізіліп талқыланады. Бүгін сынып бойынша кітапханада бас қосып өз оқыған кітаптарындағы шығармаларын әрқайсысы барлығымызға баяндап берді. Соның ішінде мектебіміздің жас зертханашы маманы Айдарбек Ділназ шет ел жазушысы Хал Элродтың қазақ тіліне аударған "Таң шапағаты миллионер" атты әңгімесін баяндап берді. Сондай-ақ 11 сынып оқушысы Наурызбава Әлия Б. Момышұлы атамыздың екі томдық шығармалар жинағынан "Кеш батып, таң атқанда" романын, 10 сынып оқушысы Тәуіржанқызы Дидар М. Әуезовтың "Абай жолы" романын, 6 сынып оқушысы Сәтімбаева Алина да Б. Момышұлының шығармасынан "Соңғы кездесу" романын айтып, көпшілікті кітап оқуға шақырды. 4 сынып оқушылары да кітап алып оқуда алдына жан салмайды. Өте сондай қызығушылықпен алып оқиды. Соның ішінде Қазақбай Әли үздік оқырмандар қатарынан орын алады. Жалпы мектеп оқушыларының кітап оқуға деген талғамдары мен қызығушылықтары өте жоғары.
Кітапханашы: Ұ. Баялиева
