19
ноябрь
2018
"Егер мен мектеп директоры болсам..." жобасы
Ағымдағы жылдың қазан айында мектебіміздің директоры Спанкулова А.Р. "Егер мен мектеп директоры болсам" атты мектепті дамыту перспективалық жоспарының жобасын қорғады. Жоспардың мақсаты: жаңартылған білім мазмұны және сындарлы оқыту теориясы негізінде оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамытуға қолдау көрсету."Мектеп мәдениетін" қалыптастыру арқылы "алдыңғы қатарлы мектеп" болудың алғы шарттарын іске асыру. Жобаны қорғауға қатысқан қонақтар: Қамқоршылық кеңес мүшесі Көктеубаев Ахан, ауыл ақсақалдары, Сұрат ауылдық округінің әкімі Байарыстан Ғазиз, ардагер мұғалімдер, ата-ана комитетінің төрағасы, районадан келген әдіскер Қасымова М.Ж. қатысты. келген қонақтар жобаны тыңдап, танысып қолдау көрсетті.