20
май
2025
"Жастар және дін" тақырыбында дәріс беру бағытында кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды
2025 жылдың 20 мамыр күні мектеп білім алушыларының діни сауаттылығын арттыру және имандылық тәрбиесі бойынша түсініктерін қалыптастыру мақсатында "Жастар және дін" тақырыбында дәріс беру бағытында кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды. Кездесуге Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Мамбетов, Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері С.Раптаева қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға имандылық, адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығы туралы түсіндірме әңгімелері өрбіп, қазіргі уақыттағы еліміздегі және әлемдегі діни ахуалға сипаттама жасалды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру, онымен күресу бойынша ой-пікірлер айтылды, мағлұматтар берілді. Іс-шараға 8-11 сыныптарынан 69 білім алушы қамтылды.

