10
ноябрь
2023
"Діни экстремизмге жол жоқ! " атты акциясы өтті.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қараша айында өткізіліп жатқан "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" айлығының іс-шаралары жоспарына сәйкес 10 қараша күні "Жас Ұлан" жасөспірімдер ұйымы мен оның тәлімгері А.Абаеваның ұйымдастыруымен "Діни экстремизмге жол жоқ! " атты акциясы өтті. Акция аясында жастардың деструктивті теріс пиғылды діни ағымдар жетегіне кетпеуі үшін жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттық түсіндіру іс-шарасы жүргізілді.
