13
май
2025
"Ата-ананың балаға бөлген уақыты - бала тәрбиесінің негізгі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні мектебімізде "Ата-ананың балаға бөлген уақыты - бала тәрбиесінің негізгі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Ата-аналарға баламен сапалы уақыт өткізудің маңызын түсіндіру, отбасылық қарым-қатынасты нығайту жолдарын ұсыну. Іс-шара ашық пікір алмасу және кеңес беру форматында жүзеге асырылды. Іс-шара барысында бала тәрбиесі үрдісінде балаға сапалы уақыт бөлу, жан-дүниесіне үңілу, түсіне білу жас ұрпақтың бойында өзіне деген сенімділік, жауапкершілік және табысты болып өсуіне ықпал ете отырып, өзін бағалай білетін, қиындықтарды жеңуде күресе алатын, түптеп келгенде қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына негіз болатыны жайында құнды пікірлер айтылды. Ал "Көбелек" атты бейнероликтің көрсетілімі жиынға қатысушылардың балаға сапалы уақыт бөлу қажеттігі туралы ашық ойларын айтып, пікір алмасудың қызу жүруіне ұйтқы болды. Іс-шараға Сұрат ауылдық амбулаториялық дәрігерлік пунктінің дәрігері Какен Данияр Ерболұлы қатысып, ата-ана тарапынан жеткілікті уақыт бөлінбеген баланың бойында қандай ерекшеліктер орын алатыны және олардың денсаулығына тигізетін зардаптары туралы кеңінен ақпараттар беріп өтті. Жиналысқа 58 ата-ана қатысты. Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов пен педагог-психолог А.Бектурганова өткізді.





