02
апрель
2025
Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту
Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында ағымдағы 2024-2025 оқу жылының наурыз айында ата-аналар арасында кезекті сабақтары өткізілді. 1-4 сыныптарының ата-аналары арасында "Баланы өзінің және басқа адамдардың сезімін түсінуге үйрету тәртібі", 5-9 сыныптарының ата-аналары арасында "Бүлдіретін сыртқы әсерлерге балалардың қарсы тұруы", ал 10-11 сыныптарының ата-аналары арасында "Ата-аналардың эмоциялық күйреуі: оны қалай болдырмауға және жеңуге болады?" тақырыптарында өткізілді. Іс-шараны мектептің шығармашыл педагогтері арасынан құрылған жұмыс топтары жүзеге асырды. Жұмыс барысында сабақтардың қойылған мақсаттарына жету үшін түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылды. Әр сабақтың соңында ата-аналардан өткізілген сабақ бойынша кері байланыстар алынды. Жүргізілген жұмыстар барысында ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша жан-жақты кеңестер берілді.







