06
март
2025
"Шуағын шашқан мереке"
Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 6 наурыз күні "Шуағыншашқан мереке" тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Көктемнің алғашқы айы - наурызда аталып өтетін мерекелік іс-шарада мектеп директоры С.К.Сеитова білім ошағының қыз-келіншектер қауымын және білім алушы қыз балаларын құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ал мектеп білім алушылары мен ұжымының ерлер қауымы тарапынан дайындаған концерттік бағдарламалары көрермен қауымның көңілінен шығып, шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлады.











