12
ноябрь
2024
"Жастар есірткіге қарсы!" атты акциясы өткізілді.
2024 жылдың қараша айында өткізіліп жатқан мектеп оқушыларының психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу күзгі айлығы аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 қараша күні мектептің білім алушылары арасында "Жастар есірткіге қарсы!" атты акциясы өткізілді. Акция барысында мектептің білім алушылары есірткінің жастар болашағы үшін орны толмас зияндығы туралы ақпараттар беріп, нашақорлықпен бірлесе күресуге шақырды. Салауатты өмір салты насихатталды. Акцияға жетекшілік жасап, ұйымдастырған әлеуметтік педагог Б.Чотбаева.
