17
сентябрь
2024
Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жандандыру мақсатында «Есірткісіз болашақ» атты акциясы жүзеге асырылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 17.09.2024 жылғы №03-4426 хаты негізінде Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19-ында жастар арасында XXI ғасырдың аса қауіпті дерті болып табылатын синтетикалық есірткі заттарының таралу деректерін тоқтату, нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жандандыру мақсатында «Есірткісіз болашақ» атты акциясы жүзеге асырылды. Акция барысында мектептің білім алушылары есірткінің жастар болашағы үшін орны толмас зияндығы туралы ақпараттар беріп, нашақорлықпен бірлесе күресуге шақырды. Салауатты өмір салты насихатталды.
