04
октябрь
2024
"Кел, дос болайық!" акциясының міндеттері мен мақсаттарын түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде білім ошағының оқушылары арасында "Кел, дос болайық!" акциясының міндеттері мен мақсаттарын түсіндіру жұмысы жүргізілді. Акцияның мақсаты: 1. Кәмелетке толмағандар арасында достық туралы ұғымды кеңейту және нақтылау; 2. Достарға деген қарым-қатынасты, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету; 3. Қарым-қатына дағдысын қалыптастыру; 4. Әдеп нормаларын ұстану, өзінің отбасында, сыныпта, мектепте, қоғамда - Отанның бір мүшесі екенін сезіну; 5. Оқыс оқиға орын алған жағдайда кез келген қажетті көмекті ала алуы және өз қиыншылықтары туралы хабарлауға мүмкіндіктерінің болуы. Акция шеңберінде арнайы "Сенім телефондары" көрсетілген билбордтың жобасы жасалып, ұсынылды. Акция барысында "Ең үздік идея" байқауы өткізілетіні жайында айтылды. Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов пен мектеп психологы А.Бектурганова ұйымдастырды.


#Біртұтас_тәрбие
#Жамбылоблысы
#Меркіауданы



#Жамбылоблысы
#Меркіауданы