05
апрель
2024
"Дені саудың жаны сау" тақырыбында волейбол және футбол спорттық ойындары түрлерінен жарыстар өткізілді.
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткізіліп жатқан іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 сәуір күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ы.Ардабеков, Қ.Шөкеев және С.Шортанбековтың ұйымдастыруымен 8-11 сыныптарының білім алушыларынан құрылған командалар арасында "Дені саудың жаны сау" тақырыбында волейбол және футбол спорттық ойындары түрлерінен жарыстар өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Қыз балалар командалары арасында волейболдан, ал ер балалардан құрылған командалар арасында футболдан өткен жарыстар тартысты, әрі қызықты өтті. Барлық жүлдегер командалар мақтау қағаздарымен марапатталып, аталып өтілді.












