05
апрель
2024
"Дені саудың рухы сау" атты спорттық эстафеталық жарысы өткізілді.
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткізіліп жатқан іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 сәуір күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Қ.Шөкеев пен С.Шортанбековтың ұйымдастыруымен 5 "А", 5 "Ә", 6 "А", 6 "Ә" және 7 сыныптары білім алушыларынан құрылған командалар арасында "Дені саудың рухы сау" атты спорттық эстафеталық жарысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Жарыс нәтижесі бойынша 7 сынып командасы жеңімпаз болып танылды. Барлық жүлдегер командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.






