13
февраль
2024
«Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Биыл Кеңес әскерлерінің шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толып отыр.Осы атаулы датаға орай 13 ақпан күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты - ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған Отандастарымызды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру . Іс-шараның қонақтары ретінде мектебіміздің 1980 жылғы түлектері, Қызыл Жұлдыз ордені иегері Б.А.Рахымбаев пен Д.Қ.Нұрланбеков сынды Ауғанстан соғысының интернационалист-жауынгер ардагерлері шақырылды.
Іс-шара ауған жерінде әскери борыштарын өтеп қайтыс болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Кездесу барысында ардагерлер оқушыларға Ауғанстандағы әскери қызметтері туралы естеліктерімен бөлісіп, оқ пен от арасында өткізген күндері жайында әңгімелеп берді. Сонымен бірге оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп отырды. Әрбір жауынгер-интернационалистің әңгімесі мен дембель альбомдарынан алынған фотосуреттер қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Ал оқушылардың шырқаған бейбітшілік, достық туралы патриоттық әндері іс-шара маңызын толықтыра түсіп, қыздыра түскендей болды. Кездесу соңында оқушылар ардагерлермен естелік суретіне түсті.
Жас ұрпаққа ауған соғысы ардагерлерінің ерліктерін үлгі ету, сол соғыста опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз болып табылады.