09
февраль
2024
«Ауғанның отты жалыны» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 9-12 ақпан аралығы күндері 1-9 сыныптарының білім алушылары арасында «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты – жас ұрпаққа ауған соғысының тарихы туралы мағлұмат беру, жат жерде әскери борыштарын өтеп жүріп, шейіт болған боздақтардың рухына тағзым ету, ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, патриотизм рухына тәрбиелеу.
















