04
декабрь
2023
"Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 жалпы орта білім беретін мектебінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күрес күніне орай 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында өткізілетін "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" науқанының іс-шаралары жоспарына сай 4 желтоқсан күні "Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпарат беру және олардың алдын алу, зорлық-зомбылықтың жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру. Кездесу қонақтары ретінде Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полициясының қызметкерлері А.Ақылжанов және М.Тоқтағұлұлы қатысты. Іс-шара барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың себептері мен салдары туралы, профилактикалық алдын алу әрекеттері туралы кеңінен мағлұматтар берілді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты ақпараттық жаднамалық қағаздары таратылды.


