22
январь
2024
«Жақсылық жасап жарысайық!» тақырыбында өткізілді.
«Отбасы - орта мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың 22 қаңтар күні мектеп түлектері – Алтынбаев Тәуіржан Аханұлы, Шырышбаев Мейрамбек Жақыпбекұлы және Алдабергенов Бекет Болатбекұлының жоғары сыныптардың білім алушыларымен кездесуі болып өтті. Кездесу «Жақсылық жасап жарысайық!» тақырыбында өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Өскелең жас ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін өнеге ету, халқымыздың еңбекқорлық, қамқорлық жасау құндылықтарын дәріптеу, оқушыларды туған ауылға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін оятып, еліміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.
Кешегі мектеп оқушылары болған түлектер бүгінгі күнде туған ауылының шаруашылығын дамыту бағытында аянбай тер төгіп, еңбек жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, ел құрметіне бөленуде. Аудандық мәслихаттың депутаты Алтынбаев Тәуіржан Аханұлы кәсіпкерлікті кәсіп етсе, Шырышбаев Мейрамбек пен Алдабергенов Бекет білім беру саласында ұстаздық етеді. Бүгінгі таңда аға буын өкілдері болып табылатын олар еңбек жолдарында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе отырып, әркезде туған мектептеріне қол ұшын беріп, қамқорлық көрсетушілердің қатарынан көрінеді. Кездесу барысында қонақтар жас ұрпақты уақытты ұтымды пайдаланып, сапалы білім алуға шақырды. Сонымен қатар туған ауылға жақсылық жасауға, пайдасын тигізуге әрекет ету әрқайсымыздың қасиетті мақсатымыз болуы керектігі жайында айтып өтті.