«Желтоқсан – Тәуелсіздіктің рухы » тақырыбында кездесу өткізілді. » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің рухы » тақырыбында кездесу өткізілді.
12
декабрь
2023

«Желтоқсан – Тәуелсіздіктің рухы » тақырыбында кездесу өткізілді.

Тәуелсіздік  күні  мерекесі  қарсаңында  Сұрат  ауылында  орналасқан  Сыпатай  Әлібекұлы  атындағы  №19  жалпы  орта  білім  беретін мектебінде ағымдағы  жылдың  12 желтоқсан  күні  Тәуелсіздік үшін күрескен  желтоқсан  құрбандарының  рухына  тағзым  ету ,  жас  ұрпақты  туған  елін ,  жерін  сүйетін  патриоттары  болып  өсуге  тәрбиелеу  мақсатында  «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің  рухы »  тақырыбында  кездесу  өткізілді. Жас  ұрпақ  тағылым  алар  кездесу  іс-шарасына   1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасына  қатысқан  мектеп түлектері  Базилов  Нышан  Алаудинұлы мен Молдағұлова  Раушан  Жексенәліқызы  шақырылды . 
      Ата-бабамыз  тарихтан  сыр  шерте  отырып,  өскелең  жас  ұрпағына қашанда  бірлік ,  елдік , ерлік  жайында  насихаттап  дәріптеуден  танған емес. Халықтың  ел ,  мемлекет  болып  қалыптасуы  үшін  ең  қажетті алғышарт  оның  егемендігі ,  тәуелсіздігі ,  халқының  бостандығы  екені  белгілі. Желтоқсан  оқиғасының  құрбандарын  еске  алып ,  тағзым  ету  мақсатындағы  бір  минуттық  үзілістен  кейін  алғашқы  сөз  кезегін  алған  мектеп  директоры  Сеитова  Сандуғаш  Қапсаланқызы  қонақтарды  және  оқушыларды  Тәуелсіздік  мерекесімен  құттықтады. Ол  өз  сөзінде  тәуелсіздіктің  құндылықтары  туралы  айта  келіп ,  тәуелсіздік  жолындағы  күрестің  жалғасы  жалғасы  ретінде  мектеп  оқушыларын  білімнің  биік  тұғырынан  көрінуге  шақырды. 1986 жылдың  ызғарлы  желтоқсанында  Алматы  қаласында  қазақ  жастарының  алаңға  шығып ,  кеңестік  тоталитарлық  жүйенің  жергілікті  халықтың  көзқарасы  мен  тілегіне  назар  аудару  керектігін  талап  ету  мақсатындағы  бейбіт  шеруі  кеңестер  одағының  ыдырауына  алып  келген  процестің  басталуына  ықпал  еткен  тарихи  оқиға  болды.  Желтоқсан  оқиғасының  сол  кездегі  алып  кеңестік  одақтағы  азаттық  қозғалыстарына  қаншалықты  әсер  еткені  туралы  белгілі  журалист ,  желтоқсан  оқиғасына  қатысушы  Құттыбек  Аймахан  өзінің  «Тәуелсіздік  желтоқсаннан  басталады»  атты  еңбегінде  былай  деп  жазады : «...Желтоқсан  көтерілісі  әлемді  ұлы  өзгеріс  жасаған ,  КСРО құрамындағы  15  республика  мен  социалистік  лагерьдегі  20-ға  тарта  елге  азаттық  әперген  XX ғасырдың  ең  айтулы  даталарының  бірі». Біз  бен  жас  ұрпақ  алдында  тәуелсіздік  пен  мәңгілік  ел  идеясын  асқақтату  және  нығайту  міндеті  тұр. Ол  үшін  жас  ұрпақ  бойына  отансүйгіштік  сезімін  дарытып ,  еліміздің  патриоттары  болып  өсуге  тәрбиелеуіміз  қажет. Кездесу  барысында  қонақтар  1986 жылғы  ызғарлы  желтоқсан  оқиғасын  еске  ала  отырып ,  білім  алушыларды  сапалы  білім  алып ,  еліміздің  өркендеп  дамуы  бағытында  еңбек  етуге  шақырды. Оқушылар  өздерінің  тарапынан  қонақтарға  қойған  сұрақтарына  лайықты  жауаптарын  алып ,  дайындаған  мерекелік  арнауларын  арнады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив