06
декабрь
2023
"Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы" тақырыбында мектеп білім алушыларының арасында дәріс өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні "Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы" тақырыбында мектеп білім алушыларының арасында дәріс өткізілді. Мақсаты - оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Жас ұрпақты туған жерін, елін сүйетін отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дәрісті мектеп директоры С.К.Сеитова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов өткізді.


