23
октябрь
2023
Мектеп кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай "Қазақстан- тәуелсіз мемлекет" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай "Қазақстан- тәуелсіз мемлекет" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Көрменің мақсаты - жас ұрпақты туған жерін, елін, Отанымыздың байлығын қорғауға, ел тарихын білуге, Отанын сүюге патриотизм рухына тәрбиелеу. Көрмеге "Қазақстан Республикасының рәміздері", «Қазақстан Республикасының этнографиясы», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Менің Отаным Қазақстан» және т.б. кітаптар қойылды.


