Желтоқсан жаңғырығы жадымызда » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Желтоқсан жаңғырығы жадымызда
07
декабрь
2021

Желтоқсан жаңғырығы жадымызда








Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2021жылдың 7 желтоқсан күні 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай "Желтоқсан жаңғырығы жадымызда" атты кездесу іс-шарасы өткізілді. Кездесуге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар - Базилов Нышан Алаудынұлы мен Молдағұлова Раушан Жексеналықызы шақырылды. Іс-шараның мақсаты - Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым ету, жас ұрпақты туған елін, жерін сүйетін патриоттары болып өсуге тәрбиелеу. 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында Алматы қаласында қазақ жастарының алаңға шығып, кеңестік тоталитарлық жүйенің жергілікті халықтың көзқарасы мен тілегіне назар аудару керектігін талап ету мақсатындағы бейбіт шеруі кеңестер одағының ыдырауына алып келген процестің басталуына ықпал еткен тарихи оқиға болды. Желтоқсан оқиғасының сол кездегі алып кеңестік одақтағы азаттық қозғалыстарына қаншалықты әсер еткені туралы Құттыбек Аймахан өзінің "Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады" атты еңбегінде былай деп жазады: "...Желтоқсан көтерілісі - әлемде ұлы өзгеріс жасаған, КСРО құрамындағы 15 республика мен социалистік лагерлердегі 20-ға тарта елге азаттық әперген XX ғасырдың ең айтулы даталарының бір".Біз бен жас ұрпақ алдында тәуелсіздік пен мәңгілік ел идеясын асқақтату және оны нығайту міндеті тұр.Ол үшін жас ұрпақ бойына отансүйгіштік сезімін дарытып, еліміздің патриоттары болып өсуге тәрбиелеуіміз қажет. Кездесу барысында қонақтар 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан оқиғасын еске ала отырып, білім алушыларды сапалы білім алып, еліміздің өркендеп дамуы бағытында еңбек етуге шақырды. Оқушылар өздерінің қонақтарға қойған сұрақтарына жауаптарын алып, дайындаған мерекелік арнауларын арнады. Мектебіміздің үздік оқушыларының "Жас Ұлан" ұйымына қабылдану рәсімі жүзеге асырылып, Отанымыздың патриоттары болуға анттарын берді.Іс-шара соңында оқушылар қонақтармен естелік суретіне түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив