16
октябрь
2023
" Оқуға құштар мектеп" «Ертегілер еліне саяхат» атты акция.
16.10.23ж. мектеп кітапханасында 2-сынып оқуышыларымен бірлескен түрде «Ертегілер еліне саяхат» атты акция. Ертегі- фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тимді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі ең жеңіл ,түсіну оңай болғандықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік,еңбексүйгіштік т.б. тәрбиелер беруде ғана емес,олардың тілін дамытуда да атқарар қызыметінің маңызы өте зор. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік,көркем-эстетик әдеби қазына.Ертегілер бірнеше жанрға бөлінеді. а) жануарлар туралы ертегілер; ә) қиял ғажайп ертегілер; б) хикаялық,сюжеттік ертегілер. Ертегінің тілі түсінікті,қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. Конференция барысында, кітаптың адамзатқа берері мол, кереметтей рухани жан азығы екендігін толықтай баяндап бердім.
