
Қараша айының 14 жұлдызында Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде білімалушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие деңгейін арттыру, туған елдің табиғатына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін , қоғамдық белсенділігін дамыту мақсатында 5-6-сынып оқушылары арасында "Табиғат сырлары" тақырыбында ертегілер байқауы өткізілді.