27
январь
2022
"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" атты онкүндігінің іс-шаралары жоспарына сәйкес жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке баулу арқылы адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ағымдағы 2022 жылдың 27 қаңтарында 8-10 сыныптары арасында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында бейнероликтер байқауы өткізілді. Байқауға қатысушы сыныптар оқушыларының дайындап, ұсынған бейнероликтерін сараптай келе 10 сыныбының "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" атты бейнеролигі (сынып жетекшісі К.Алимбекова) мен 8"Ә" сыныбының "Жемқорлық-індет, жою- міндет!" атты бейнеролигі (сынып жетекшісі М. Нұрбаева) бейнероликтері жеңімпаздар болып танылып, арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.