Мектебімізде өткізіліп жатқан "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбындағы онкүндік іс-шаралары аясында ағымдағы 2022 жылдың 26 қаңтар күні "Бояулар сыры" үйірмесінің жетекшісі С.Мақтабаеваның ұйымдастыруымен 5-8 сыныптарының оқушылары арасында "Жемқорлыққа жол жоқ!" атты сурет байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты - жас ұрпақты әділдікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Байқауға барлығы 14 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен белсенділік көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.