26
январь
2021
"Жемқорлыққа жол жоқ"
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" атты айлық кезінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4-6 қаңтар күндері "Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында сурет байқауы өтті. Мақсаты: Жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, адалдыққа әділдікке тәрбиелеу. Байқауды "Дәстүрлі қолөнер" үйірмесінің жетекшісі Г.Асқар ұйымдастырды. Байқауға 5-8 сыныптарынан 14 оқушы қатысты. Ұсынылған жұмыстарды сараптай келе Мат Әйгерімнің еңбегі жеңімпаз атанды. Ал, Аманғали Аяла мен Кендебай Жансұлудың жұмыстары жүлделі 1-ші орын иегері атанса, Сауранбай Бегімай, Таубалды Айгерім, Еренбай Аяулым жүлделі 3 -ші орын иегерлері атанды. Барлық жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.






