27
февраль
2023
Қазіргі кездегі адам ағзасына зиянды өнімдердің кері әсері




2023 жылдың ақпан айында «Дұрыс тамақтануды насихаттау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру» мақсатында «Қазіргі кездегі адам ағзасына зиянды өнімдердің кері әсері» пікір сайыс, сауалнама, жарыс сабақ өткізілді.Бүгінде қоғамымызда талғамсыз ішіп-жеу, қоректену кесірінен жапа шегіп жүрген ағайынның қарасы қалың. Әсіресе, толысып кеткендердің көбейіп бара жатқаны алаңдатады.
«Фаст-фуд» деп аталатын бұқтырылған шұжық, тез әзірленетін кеспе, сэндвич, гамбургер, хот-дог, пицца, газдалған сусындар және тағы басқаларын тұтыну денсаулыққа зиян екенін білсекте, әзірге олардан тартылатын сыңайымыз шамалы. Бар мәселе – халықтың зиянды өнімдерден өзін шектей білуінде. Егер сұраныс азайса, ұсынушы қайда барады дейсің. Халықты зиянды тағамнан қорғау да – елдік мәселенің бірі.