22
декабрь
2022
"Қазіргі кездегі адам ағзасына зиянды өнімдердің кері әсері"

2022 жылдың желтоқсан айында Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс тамақтануды насихаттау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру» бөлімі бойынша «Қазіргі кездегі адам ағзасына зиянды өнімдердің кері әсері» тақырыбында пікір сайыстар, тәрбие сағаттары 5-9 сыныптарда өткізілді.Білім алушыларға қазіргі кездегі адам ағзасына зиянды өнімдердің тізімі көрсетіліп, зиянды тағамдардың адам өмірінде кері әсерлері туралы пікір сайыстар, тәрбие сағаттары өткізіліп, болашақта әрбір оқушы өздерінің салауатты өмірі туралы ойланып, кері әсер беретін тағамдардан аулақ болуды насихаттап, әр оқушы өз ойымен бөлісті.
Білім алушылар осы тақырыптарда пікір сайыс жүргізіп, өздерінің жинаған мәліметтерімен бөлісті.
Әрбір сынып зиянды тағамдардың суреттерін салып, тіпті сол өнімнен бас тартуға әсер ететін шынайы өмірдегі деректерді көрсетті.
Білім алушылар осындай өнімдерді қолданудың әсерінен түрлі ауруларға ұшырап, тіптен әлемде семіздікпен күресуге күш жұмылдырылған фактілермен бөлісті.