22
октябрь
2021
"Дұрыс тамақтана білемізбе?"
Сыпатай Әлібекұлы атындағы #19 жалпы орта білім беретін мектебінде 22.10.2021 ж 7 "А" сыныбына "Тиімді тамақтану" тақырыбында мектепішілік іс-шара өткізілді. Тиімді тамақтанудың пайдасы туралы айтылды. Қосымша ақпараттар беру үшін тақтаға көрнекілік құралдары ілінді және интербелсенді тақта арқылы тиімді тамақтанудың жолдары мен пайдасы туралы түсіндірілді . Оқушылар өз ойларымен бөлісті, тиімді тамақтанудың жолдары туралы көптеген мәліметтер алды.