04
ноябрь
2020
Дұрыс тамақтану туралы мәлімет
Мектебімізде 23- қазан айында оқушыларға дұрыс тамақтану туралы хабарлама жасалынды. Медбике Ахметова Асем 4ә-сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану" атты тақырыпта баяндама оқыды. Баяндамаға 16-оқушы қатысты. Баяндамада оқушыларға дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы үшін маңызды екендігі айтылып, салауатты тамақтанудың ережелерін есте сақтау керек екендігі айтылып түсіндірілді. Бөлме меңгерушілері сынып бөлмелеріндегі денсаулық бұрышына дұрыс тамақтану туралы жапсырма қағаздарын енгізді. Барлық сынып жетекшілері "Дұрыс тамақтанудың пайдасы және тиімді тамақтанудың маңыздылығы" туралы әңгіме, сынып сағаттарын өткізді. 4ә-сынып жетекшісі Естаева Сандуғаш "Тиімді тамақтану денсаулыққа пайдалы" екендігін айтып түсіндірді. Қорыта айтқанда, әрбір адам салауатты өмір салтын ұстанып, тиімді тамақтанып, гигиена ережелерін сақтап отыру керек. Сонда ғана біз өз денсаулығымызды сақтай аламыз.






