20
февраль
2023
Бракеражды комиссия жұмысы туралы анықтама


Сыпатай Әлібекұлы атындағы #19 жалпы орта білім мектебінің 2023 жылғы 20 ақпанында тамақтану сапасына тексеріс жүргізді.Ақпан айында тегін тамақпен қамтылған оқушылар саны - 27. Білім алушылар кестеге сай тамақтың сапалы берілуіне мән берілген, тамақтану кестесі бар, кестеге сай кезекшілер бекітілген.
Асханаға, ас блогына арнайы параметрлер бойынша тексеру жүргізу барысында күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сәйкестігі, еркін мәзірге арнайы бекітілген прайс, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, бақылаудағы тағамның болуы, асхананың санитарлық жай-күйі тексерілді.
Мектеп асханасында тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындау, сату мен пайдалану әрекеттері тіркелген жоқ.
Асхана және ас ұйымдастырудың, асхана аспаптарының жай-күйі, ыдыстардың қосалқы жиынтығының жеткілікті болуына қадағалау жасап, ұсыныстар берілді.
Көкөністерді жәшіктерде, тауар қойғыштарда, тегендердегі таңбаланған сыйымдылықтарда сақтау, қоймалардың санитарлық жағдайына мән беру керек. Тәуліктік сынамаларды сақтау және пайдаланудың болуына мән беру.
Мектеп әкімшілігі тарапынан қосалқы ыдыс-аяқтармен тоңазытқыштардағы термометрге сұраныс беру және арнайы қолдау көрсетуді ұйымдастыруда.