18
январь
2022
Тамақтану


Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде ІІІ тоқсанның2021 жылдың 17 қаңтарынан бастап, тегін бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды. Оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы мен оның берілу сапасына, асханадағы ыдыстар мен тауарлардың сапасына бақылау жүргізілді.
Мектепте білім алушыларды тамақтануға ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен олардың қағидаға сай жүргізілуіне қадағалау жасалды.
Мектепте тамақтанудың сапасына зерделеу жүргізу барысында сараптама тобы өз жұмыстарын асхананың тазалығы мен тамақтың сапасына, ыдыс-аяқтар мен күнделікті пайдаланатын қажетті заттардың бүтіндігіне, сонымен қатар асханадағы ас өнімдерінің сақталуы мен мерзімдердің жарамдылығына назар аударды.
Тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына күн сайын ас блогында нақты ас мәзіріне сәйкес, дайын өнімнің тәулік сынамасын алды, ауыз су режимінің сақталуы, (су ішетін диспансерлердің болуы) диспансерлердің уақытылы тазалануы қадағаланды.
Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақталуы, асхананың тазалығы мен бейнекамераның болуы және оныңжұмыс істеуі тексерілді.