13
февраль
2025
"Үздік мектеп парламенті"
Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13 ақпан күні мектеп парламентінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіру мақсатында "Үздік мектеп парламенті" атты аудандық байқауы өткізілді. Аталған байқауда өздерінің жұмыстарын көрсеткен мектебіміздің парламент мүшелерінің командасы жүлделі III орын иегері аталды. Ал мектеп парламентінің президенті Срайыл Ердаулет жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен ерекше белсенділік көрсеткені үшін арнайы "Алғыс хатымен" марапатталды. Жетекшілік жасаған А.Абаева.

