09
декабрь
2021
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу, әдістемелік көмек көрсету
9 желтоқсан 2021 жылы ДОТЖО Г.Ендыбаеваның басшылығымен білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу бойынша пән мұғалімдерінің жұмыстары талқыланды.
4-сыныптарда сынып жетекшілері Н.Алмасбек, Э.Сандықбаеваның құжаттары тексерілді.
ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізілетіні белгілі, сондықтан сабақ беретін пән мұғалімінің оқушыларды дайындау барысында іс-шаралар жоспарына сай құжаттары қаралды.
Құжаттарды тексеру барысында анықталған кемшіліктер мен жүйелі жұмыстың нәтижелілігі әрбір мұғалімге ескертіліп, дайындық барысын жандандыруды күшейтуге мән беру керек.
ББЖМ-ға дайындық жүргізу үшін қосымша кестеге сай жүйелі түрді жұмыстың жүргізілуі талап етілді. Негізгі пәндер бойынша алынған тапсырмаларға мониторинг жасап, салыстырмалы түрде әрбір алынған жұмысқа сараптамалық талдау жүргізу қажеттілігін ескертіп, нәтижелі білім сапасына мән берілуі керектігіне баса назар аударылды.
Пән мұғалімдеріне өз кемшіліктері бойынша жеке әдістемелік көмек көрсетіліп, пән бойынша тест тапсырмаларын молайту және компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, жұмыстарына нақты сараптама жүргізу, жеке оқушымен жұмыстың нәтижелі болуын қадағалауға көңіл бөлу ескертілді.