Іс-шаралар » Страница 21 » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
Күзгі каникул кезінде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары
31
октябрь
2024
Күзгі каникул кезінде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары
Күзгі каникул кезінде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары аясында Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 31 қазан күні мектеп ұжымы арасынан құрылған командалар арасында "Спорт - біздің серігіміз" атты эстафеталық спорттық сайысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты - жолдастық, бірлік құндылықтарын дәріптей отырып, ұжым арасында ұйымшылдық атмосферасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Эстафеталық сайысқа 5 команда қатысып, өзара жарысып бақ сынасты.
Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлықтың ашылу салтанаты өткізілді.
29
октябрь
2024
Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлықтың
«Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сай, 29.10.2024 жылдың №1701 хатына сәйкес 2024 жылдың 1-30 қараша аралығында оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлықтың ашылу салтанаты өткізілді.Білім алушыларға айлық барысында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары таныстырылып, позитивті ойын-жаттығулар жүргізілді.Мектеп психологы А.Бектурганова
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында ағымдағы 2024-2025 оқу жылының қазан айында ата-аналар арасында алғашқы сабақтарын өткізді.
25
октябрь
2024
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы
Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 жалпы орта білім беретін мектебінде балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында ағымдағы 2024-2025 оқу жылының қазан айында ата-аналар арасында алғашқы сабақтарын өткізді. 1-4 сыныптарының ата-аналары арасында "Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен  денсаулығының іргетасы", 5-9
"Төрт тоқсан-төрт өнер"   ұлттық  мәдени-ағартушылық жобасы
24
октябрь
2024
"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 24 қазан күні "Төрт тоқсан-төрт өнер"   ұлттық  мәдени-ағартушылық жобасы аясында білім алушылардың бойына өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, шешендік өнердің баға жетпес мұрасын дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау мақсатында "Ақындар айтысы- 2024"  тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Даулеткелдиева А. жетекшілігімен ақындар айтысы ұйымдастырылып өткізілді.
"Әлемді билеген интернет" тақырыбындағы интернет қауіпсіздігінің алдын алу  мақсатында атқарылатын бірлескен іс-шаралардың айлық жоспары
24
октябрь
2024
"Әлемді билеген интернет" тақырыбындағы интернет қауіпсіздігінің
"Әлемді билеген интернет" тақырыбындағы интернет қауіпсіздігінің алдын алу  мақсатында атқарылатын бірлескен іс-шаралардың айлық жоспары  аясында 2024 жылдың 24 қазан күні информатика пәнінің мұғалімі  А.Абаева мектеп білім алушыларының арасында "Ақпараттық қауіпсіздік" тақырыбында баяндама жасап, балалардың интернеттегі қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету бағытында  кеңінен  ақпараттар берді. #Біртұтас_тәрбие#Жамбылоблысы#Меркіауданы
Республика күніне орай мерекелік құттықтау челленджі.
24
октябрь
2024
Республика күніне орай мерекелік құттықтау челленджі.
25 қазан - Республика күніне орай 2 "А" сыныбының мерекелік құттықтау челленджі. Сынып жетекшісі В.Найзабекова.
"Кел, дос болайық!" акциясы аясында "Ең жақын досым" тақырыбында  шығармалар байқауы өткізілді.
23
октябрь
2024
"Кел, дос болайық!" акциясы аясында "Ең жақын досым" тақырыбында
23.10.2024 ж. Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Кел, дос болайық!" акциясы аясында "Ең жақын досым" тақырыбында  шығармалар байқауы өткізілді. Білім алушылар шығармаларында ең жақын досымен қарым-қатынасы, оның жеке қасиеттері және достықтың өміріндегі маңызы туралы жазған.  Оқушы достықтың өмірдегі орнын терең түсініп, шынайы сезімдерін ашық жеткізген. Шығарма байқаудың талаптарына сай орындалып, досымен байланысты тәжірибесі мен сезімдері арқылы достық
"Ақындар айтысы сайысына қатысушылармен жұмыс" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
23
октябрь
2024
"Ақындар айтысы сайысына қатысушылармен жұмыс" тақырыбында дөңгелек
23.10.2024 ж. Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының іс-шаралар жоспары аясында  "Ақындар айтысы сайысына қатысушылармен жұмыс" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелдің мақсаты: айтыскер ақындарға шығармашылық кеңес беру, тәжірибе алмасу, айтыстың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылау болып табылады. #АКЫНДАРАЙТЫСЫ2024 #ЖАМБЫЛОБЛЫСЫМЕРКІАУДАНЫ #біртутас_тәрбие #оқуағартуминистрлігі
"Менің Отаным-менің мақтанышым" тақырыбында  8-9 білім алушылар арасында эссе байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
22
октябрь
2024
"Менің Отаным-менің мақтанышым" тақырыбында 8-9 білім алушылар
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 25 қазан-Республика күніне орай іс-шаралар жоспарына сәйкес  22 қазан күні   "Менің Отаным-менің мақтанышым" тақырыбында  8-9 білім алушылар арасында эссе байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру жайында түсіндіру. Орындаған: Даулеткелдиева А.
"Төрт тоқсан-төрт өнер"ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы
21
октябрь
2024
"Төрт тоқсан-төрт өнер"ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде "Төрт тоқсан-төрт өнер"ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының іс-шаралар жоспары аясында 21 қазан күні"Қазақ тілінің қазіргі жағдайы... "тақырыбында білім алушылармен презентациямен жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында жоба қорғап, ұсынымдарын білдірді. "Ұлттың тілі-ұлттың ділі" деп, халық даналары айтқандай, ұлтымызды сақтайық. Ана тіліміздің айбынын  асқақтатып, қасиетті қазақ жерінде қазақ тілінің мәртебесін көтерейік!  Орындаған: қазақ