
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын алу" айлығы аясында мектеп психолгы А.Бектурганованың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні "Оқушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмаудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты - мектеп оқушылары арасындағы туындайтын тәртіпсіздік түрлерін, туындау себептерін көрсету. Кикілжің жағдайларына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктерін көрсету.Тәртіпсіздік жағдайларын болдырмау.