17
март
2021
"Туралықты тұғыр еткен Төле би"
Мектебіміздің білім алушы өскелең жас ұрпағы ағымдағы жылдың наурыз айының 16-сы күні "Туралықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында өткізілген кезекті адалдық сағатымен танысып, дәріс алды. Адалдақ сағатының бұл дәрісі қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға елеулі үлесін қосқан ойшыл, дана, турашылдығымен тарихта ерекшеленіп, із қалдырған Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.




















