19
февраль
2021
"Ыбырай Алтынсарин-ұлы дала ағартушысы"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруымен Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары қазақ халқының аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өрісі кең, тағылымы мол шығармашылығына арналған "Ыбырай Алтынсарин-ұлы дала ағартушысы" тақырыбында кезекті "адалдық сағатын" көріп, дәріс алды. Көрсетілім барысында мектеп оқушылары Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы парасаттылық, адалдық, білімділік және еңбекқорлық құндылықтарының маңыздылығы туралы құнды мағлұматтар алды.